Мәдениет министрі халық ақшасына негативті фильм түсіруге жол бермейді

Фотография - Мәдениет министрі халық ақшасына негативті фильм түсіруге жол бермейді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы нашар фильмдерге қатысты тағы бір рет түсініктеме берді

480 0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы нашар фильмдерге қатысты тағы бір рет түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Мен не айтып тұрғанымды түсіне отырып, Қазақстанның беделіне нұқсан келтіретін фильмдер мен олардың авторларының атын атағанымды тағы бір мәрте қайталаймын. "Сіз сол фильмдердің біреуін көрдіңіз бе?", – деген министр осы сұрақты бірнеше журналистке қойды.

"Уроки гармонии» деген фильм бе?", – деген журналистердің бірі ол фильм тіпті прокатқа шықпағанын, тек бір кинофестивальде жүлде алғанын айтты.

"Ал сіздер сол фильм авторынан туындысы неге кең прокатқа шықпағанын сұраңыздар. Мен бұл фильмдерге қатысты сөз еткен кезде, "Қазақфильм" ол киноны бар-жоғы бір-екі күн ғана көрсетіп, прокаттан алып тастағанын айтқанмын. Себебі, халық наразылық танытатынын білді. Сіздер өздеріңіз көріңіздерші, сол фильмді… Мен Емир Байғазинді өте қатты құрметтеймін, оған өз қолыммен диплом табыстағанмын. Ол қабілетті жігіт. Бірақ, менің тілегім – ол жігіттер өз таланттарын жасампаз дүниелер жасауға арнаса екен деймін. Ал, адамның азғындығын көрсететін картиналар халықтың ызасын, наразылығын тудырады. Оның үстіне, олар кинофестивальдерге барғанда, Қазақстанның атынан шығады ғой", – деді министр.

Сонымен қатар Мұхамедиұлы "дегенмен, кино нашар болса да, фестивальдерде орын алды ғой" деген сұраққа келесі ойын айтты.

"Медальдің екі жағы болады. Қай кезде де өте мұқият болу керек. Егер ол фильмдер расымен де әлем мойындаған кинофестивальдерден бас жүлде әкеліп жатса, бір сәрі. Ал, біз халқымызға жат картиналар үшін қызығып, грант беретін халықаралық бағдарламаларды тағы білеміз. Мен режиссерлермен кездескенде, мысалы, тұтас Үндістан халқын ойлауға, жақсылыққа сенуге үйреткен «Лашықтан шыққан миллионер» сияқты фильм түсірейікші деп айтамын", – деді министр.

Оның айтуынша сіз бен біздің ақшамызға, яғни, салық төлеушілердің ақшасына қоғамда негатив тудыратын фильм түсіруге жол беруіміз керек екен.

"Ал, неге біз осындай фильмдердің орнына, сіз бен біздің ақшамызға, яғни, салық төлеушілердің ақшасына қоғамда негатив тудыратын фильм түсіруге жол беруіміз керек? Сіздер алдымен мен айтқан фильмдерді көріп алсаңыздар. Сұрақ қоятын адамдардың 90 пайызы картинаны көрмеген, бір жерден бірдеңені оқып алады да, сұрақ қояды. Мен қазір де сіздер арқылы сол жас таланттарға жасампаздыққа үндейтін, жақсы туындыларды әрқашан қолдайтынымды айтамын", – деді Мұхамедиұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!