Астананың масалары жайында фильм түсірілуде

Фотография - Астананың масалары жайында фильм түсірілуде

Қазақстандық режиссер Ермек Шаяхмет "horror" жанрындағы фильмнің түсірілім жұмыстарын қолға алды. Фильм "Өлілермен селфи" деп аталатын болады

349 0

Қазақстандық режиссер Ермек Шаяхмет "horror" жанрындағы фильмнің түсірілім жұмыстарын қолға алды. Фильм "Өлілермен селфи" деп аталатын болады. Кәдімгі масалар жайындағы осынау фильм Астанада түсірілмек.

Фильмдегі барлық қорқынышты оқиғалар Астананың бірнеше көшелерінде орын алатын болады. Киноның желісі бойынша, басты кеіпкер - ғалым астаналықтарды әбден мезі қылған масаларды жоятын препарат ойлап табамын деп, оның орнына адамдарды зомбиге айналдыратын вирус жасап шығарады және ол қалаға тарап кетеді.

"Фильмнің түсірілім жұмыстары Астанадағы көпшілік көп жүретін жерлерде өтті. Оның ішінде "Бәйтерек" пен "Хан шатыр" ойын-сауық орталықтары да бар. Бәйтеректің ішінде зомбиді көру көрермендерге қызық әрі фильм баршаның көңілінен шығады деген сенімдеміз" деді түсірілім тобының мүшесі Айдос Есмағамбетов.

Айта кетейік, қостанайлық Айдос Есмағамбетов бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасап, көпшілікке танылған еді. Енді ол аталған фильмде актерлерге гримм жасайтын болады. Оның айтуынша, картина режиссерімен ол интернет желісі арқылы танысқан екен. Қорқынышты фильмнің экранға шығу уақыты әзірше белгісіз.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін елімізде horror жанрына негізделген екі фильм түсірілген еді, олар: Тұрсын Құлахметовтың "Махаббат - қастық" және Еркін Рақышевтың 2013 жылы түсірілген "М-агент" фильмдері.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!