“Қазақ елі” сериалының түсірілім жұмыстары әлі басталмаған

Фотография - “Қазақ елі” сериалының түсірілім жұмыстары әлі басталмаған

Күні кеше "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ елі" тарихи сериалына бөлінген 5 миллион АҚШ доллары ештеңеге жетпейтінін айтып, халықтан көмек сұраған еді.

244 0

Күні кеше "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ елі" тарихи сериалына бөлінген 5 миллион АҚШ доллары ештеңеге жетпейтінін айтып, халықтан көмек сұраған еді.  20 сериалық туындының уақыт өте келе тең жартысы қысқарған. Бірақ, желтоқсан айында тұсаукесері жоспарланған сериалдың түсірілім жұмыстары әлі де  басталмаған. Ал көршілес Моңғолияның 20 сериалық тарихи туындыны дайындаған кино мамандары серіктестікке әзір екендерін жеткізуде.

Арман Әленұлы, сценарий авторы және продюсер:

– Көшпелі халықтардың тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрінде, әдеп-ғұрпында аса айырмашылық жоқ. Көшпелі өмірді көріп өскен бізге тарихи кино немесе сериал түсіру қиын болмайтындығы анық. Қазақстанмен бірлесе  немесе тапсырыс арқылы жұмыс істеуге дайынбыз.

Амарсана Балжинням, жекеменшік киностудияның директоры:

– Студиямыз техникалық жарақтану жағынан қазақстандық кинокомпаниялардан кем түспейді. Таяуда ғана Америкадан арнайы кино құралдарын алғыздық. Мамандарымыз да Голливудтан арнайы тәжірибеден өтті.

Хандар тарихы мен көшпенділер кезеңін көркем суреттеген туындыны қазақстандық көрермен қауым қашан тамашалайтыны әзірге белгісіз. Ал қысқа мерзімде аз қаражатқа сапалы картина түсірген моңғолиялық мамандар қазақстандық әріптестерімен кәсіби байланыс орнатуға ниетті.

 

WqljeIvKrVc

wtaxhRhwQdf0QAYP8A6Zkgwy

 

lAWgqizEUVCSxGrdVkVqkauu

 

pOXtg72qldsGPJnSHsD67yHA

www.qazaquni.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!