Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы Торонтода өтеді (Бейне)

Фотография - Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы Торонтода өтеді (Бейне)

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында Торонтодағы халықаралық кинофестивальде (Toronto International Film Festival) болады.

221 0

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында Торонтодағы халықаралық кинофестивальде (Toronto International Film Festival) болады. Фильм продюсері Қанат Төребай картинаны дайындағандар Кинематография өнері мен ғылымдары академиясының сыйлығы үшін күресуге ниетті екенін айтты, деп хабарлады vласть.
Продюсер картинаның Торонтодағы кинофестивальге қатысуы Оскар сыйлығын алуға үмітті арттыра түсетінін айтты: "Егер Торонтодағы кинофестивальге қатыссаң, "Алтын глобусты" алуға мүмкіндігін артады, ал "Алтын глобус" Оскар сияқты маңызды сыйлық".

"Жат" фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған. Фильм сюжетіне бір адамның өткен ғасырдың 30-шы жылдары бала кезінде тауға кетіп тіршілік етуі негіз болған.

Сценарий авторы және режиссёр - Ермек Тұрсынов. Қоюшы-оператор Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші - Александр Ророкин, композитор - Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерде Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов ойнады.

"Жат" - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық фильм. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруде кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!