Семейде "Абай" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Фотография - Семейде "Абай"  атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Бүгін Семей қаласында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ақынның өмірі мен шығармашылығының беймәлім қырлары баяндалатын "Абай" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

238 0

Бүгін Семей қаласында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ақынның өмірі мен шығармашылығының беймәлім қырлары баяндалатын "Абай"  атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Қазақтың бас ақыны туралы рухани-ағартушылық бағыттағы интернет-энциклопедия Президенттің бастамасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген "Жібек Жолы" әлемдік сыйлығының қаржысына түсірілді. Аталған фильмді "Дарын" және "Серпер" сыйлықтарының лауреаты Ақберен Елгезек "Tengri Films" кинокомпаниясымен бірге түсірген. Тапсырыс беруші - мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Сценарий авторы Ақберен Елгезектің айтуынша, бұл туындыда ұлы ақынның өміріне байланысты тың мәліметтер баяндалады.

"Шығарманы көрермендер жылы қабылдады. Бір айдың ішінде түсірілген фильмде Абайтанушылардың деректеріне сүйеніп, ақын өміріне байланысты әзірге дейін ешқайда жарияланбаған соны деректерді экранға алып шықтық. Бұдан тыс, ақынның өлеңдерін, философиясын, қара сөздерін талдауға тырыстық", - дейді сценарий авторы ақын А. Елгезек.  

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!