369

Forbes ең қалталы жұлдыздардың тізімін жаңартты

Рейтингке сәйкес, қатарынан үш жыл бойы актер Роберт Дауни-Кіші үзеңгілестерін артта қалдырып, бірінші орынға нық жайғасты
Фотография - Forbes ең қалталы жұлдыздардың тізімін жаңартты

Forbes әлемнің ең бай жұлдыздарының кезекті тізімін жасады, деп хабарлады 24.kz.

Рейтингке сәйкес, қатарынан үш жыл бойы актер Роберт Дауни-Кіші үзеңгілестерін артта қалдырып, бірінші орынға нық жайғасты. Белгілі болғандай, былтыр кино жұлдызы 80 млн доллар қаражат тапқан. Екінші орынды 50 миллион долларымен Джеки Чан місе тұтса, үштікті "Форсаж»"фильмінің жұлдызы Вин Дизель тұйықтады. Ол 47 млн доллар табыс тапқан көрінеді.

Төртінші орынды 41,5 млн доллары бар Брэдли Купер иемденсе, 40 млн доллар табысымен Адам Сэндлер мен Том Круз қалталы азаматтардың бестігіне енді.

Бұл туралы 7days.ru сайты мәлімдеп отыр.

Загрузка...