Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды

Фотография - Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды

Үш күн бойы Талдықорғанның орталық алаңында UKBBOYCHAMPIONSHIP-2015 әлем чемпионатына іріктейтін "Boom-Boom 2015" би фестивалі өтті.

184 0

Үш күн бойы Талдықорғанның орталық алаңында  UKBBOYCHAMPIONSHIP-2015  әлем чемпионатына іріктейтін "Boom-Boom 2015" би фестивалі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14-29 жас аралығындағы жас өрен өз өнерлерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға жиналды.

Астана қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестивальге Астана қаласының атынан "TwentyThreeStyle"  би командасы аттанған болатын. Халықаралық фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпаздарынан құралған бишілер командасы фестивальге бірегей номерлер дайындады.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Соңғы кезең - бір-біріне қарсы баттл сайысы өте тартысты өтті. Баттл аясында қатысушылар өздерінің шеберлігін, күрделі элементтерді көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша елордалық "Twenty Three Style" командасы бас жүлдеге ие болып, Ұлыбританияда өтетін әлем біріншілігіне жолдаманы қанжығаларына байлады.

Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды

Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды

Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!