Таразда "Баласағұн кітапханасы" сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді

Фотография - Таразда "Баласағұн кітапханасы" сериясы бойынша жаңа кітаптар жарық көрді

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша бірнеше жаңа кітаптар жарық көрді.

863 0

   Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша бірнеше жаңа кітаптар жарық көрді. Ғылыми еңбектер архив құжаттары және қордаланған материалдардың негізінде даярланған, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі. 
"Жетісу Ресей империясының құрамында» атты монографияда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі патша өкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты, казактар мен орыс шаруаларының өлкеге қоныстандырылуы және оның салдары, жергілікті халықтардың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бұзылуы қамтылған. Сонымен қатар, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан тұлғалар туралы және XX ғасырдың басында өлкеден шыққан қазақ зиялыларының жалпы мұсылмандық қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу халықтарының көтерілісі және оның барысына байланысты мәселелер топтастырылған. "Бұл кітапта тың деректер молынан кездеседі. Ең алдымен тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға қадам жасалған", – деді кітап авторы, ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова. Сондай-ақ, аталмыш автордың "Алаш қозғалысының тарихы" атты оқулығы шықты. Бұл кітапта қазақ халқының азаттық үшін күрескен оның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін қалыптастыруда зор роль атқарған Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметтері туралы жазылған. 
  Ал, Түркістан жинағының қос томы  – Түркістан өлкесінің (Орталық Азияның) көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс-салтына және өзге де мәселелерге арналған мақалалар жарияланған ғылыми жинақ болып табылады. Белгілі тарихшы Тұрғанжан Төлебаевтың "Обрабатывающая промышленность Туркестанского края" атты монографиясы Сырдария және Семиреченск облыстарының мұрағаттық деректері негізінде жазылған. 
   Айта кетейік, кітаптар ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықта дайындалып, аталған оқу орнының баспасынан шықты. 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталық ашылғаны белгілі. Мақсат – Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау.   Жақында аталмыш орталықта "Түркістан өлкесінің тарихы", "Түркістан тұлғалары"  сериясы бойынша бірнеше кітаптар жарық көрді.
   
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарованың "Жетісу Ресей империясының құрамында» атты монографиясы "Түркістан өлкесінің тарихы" сериясы бойынша шығарылды. Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі патша өкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты, казактар мен орыс шаруаларының өлкеге қоныстандырылуы және оның салдары, жергілікті халықтардың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бұзылуы, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан Әли төре, Тезек төре, Тойшыбек би, Байсейіт батыр, Диқанбай би, Сыпатай би, Сұраншы батыр, Тазабек батыр және басқа да Ұлы жүз билеушілерінің ерліктері, сондай-ақ, XX ғасырдың басында өлкеден шыққан қазақ зиялыларының жалпы мұсылмандық қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу халықтарының көтерілісі және оның барысына байланысты мәселелер қарастырылған. 

Сондай-ақ, аталмыш автордың «Алаш қозғалысының тарихы» атты оқулығы шықты. Бұл кітапта қазақ халқының азаттық үшін күрескен оның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін қалыптастыруда зор роль атқарған Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметтері туралы жазылған. Оқулық студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға арналған.

"Түркістан тұлғалары" сериясы бойынша "Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегінің" 1 томы баспа бетін көрді. Кітап авторы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ордалы Қоңыратбаев. Ғылыми еңбекте ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, азаматтық тұлғасын әлем мойындаған саясаткер, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-публицист Тұрар Рысқұловтың 1894-1919 жылдардағы өмірі мен қызметінің күндерек мәліметтері қамтылған.   
* * * 
Түркістан жинағының 1 томы  – Түркістан өлкесінің (Орталық Азияның) көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс-салтына және т.б. көптеген мәселелерге арналған мақалалар жарияланған ғылыми жинақ болып табылады. Жинақ маман тарихшыларға, тарих факультеттерінің студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға арналған.

 

 


Тегтер:

кітап ТарМПИ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!