Пикассоның "жас әйелдің басы" картинасы Испанияға қайтарылды

Фотография - Пикассоның "жас әйелдің басы" картинасы Испанияға қайтарылды

519 0

Франция билігі Испанияға Пабло Пикассо суретін тапсырды.

"Жас әйелдің басы" деп аталатын туынды 25 миллион еуроға бағаланып отыр. Еске сала кетейік, тамыздың басында Корсика аралында кемені тексеру кезінде француз кеденшілері Пикассоның суретін тапқан болатын. Қаскөйлер оны заңсыз жолмен Швейцарияға жеткізбек болған. Туындының иесі – испандық банкир. Сот шешімімен оған өнер туындысын ел аумағынан тыс жерге шығаруға тыйым салынған болатын. Енді "Жас әйелдің басы" Мадридтегі өнер орталығына тапсырылады. Жалпы сарапшылардың бағалауынша, Пабло Пикассо туындылары әлемдегі ең қымбат суреттер қатарына жатады. Сол себепті баукеспелер оған жиі көз тігеді екен.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!