"Хан Қорық" фестивалі аясында студент журналистерге арналған байқау өтеді

Фотография - "Хан Қорық" фестивалі аясында студент журналистерге арналған байқау өтеді

17-22 тамыз аралығында Ұлытауда өтетін "Хан Қорық" жастар фестивалі аясында студент журналистерге арналған байқау өтеді.Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚҰГҚ директорының ғылым жəне халықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сəулет Сəкенов хабарлады.

381 0

– Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Хан Қорық" жастар фестивалінде студенттер арасында журналистік байқау ұйымдастыруды жоспарлап жатырмыз. Сондықтан біз ЖОО-ларға фестивальге қатысатын топтарға журналистика факультетінің студенттерін де қатыстыстыруларын сұрадық. Фестиваль аяқталғаннан кейін олар эссе, мақала жазып немесе фоторепортаж жасаса дейміз. Дəл қазіргі уақытта фестиваль аясында ұйымдастырылатын байқаулардың жоспарын нақтылаудамыз, –дейді Сəулет Рыспекұлы.

Сонымен қатар ол брифинг барысында "Хан Қорық" жастар фестивалінде студенттерден ҚҰГҚ жүзеге асыра алатын жаңа жобалар ұсынуда деген тілегі барын жеткізді.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!