А.Мұхамедиұлы: "100 нақты қадам" аясында бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

Фотография - А.Мұхамедиұлы: "100 нақты қадам" аясында бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

Бүгін спорт күніне арналған салтанатты жиын барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "100 нақты қадам" ұлттық іс-шаралар жоспары аясында елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.

1236 0

Бүгін спорт күніне арналған салтанатты жиын барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "100 нақты қадам" ұлттық іс-шаралар жоспары аясында елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілетінін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz
«Елімізде қалыптасқан игі дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісі спорт күнін атап өтеміз. Бұл мейрам әр түрлі жастағы, түрлі саладағы азаматтарды, спорт, дене шынықтыру, белсенді және салауатты өмір салтын сүйетін адамдарды біріктіреді. Спорт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болатынын ескерген Мемлекет басшысы бұқаралық спорт қозғалысын дамытуды мемлекет саясатының стратегиялық бағытының бірі ретінде танып, Жолдауында 2020 жылға қарай республика тұрғындарының 30 пайызын дене шынықтыру және спортқа тартуды мақсат етіп қойды», - деді А.Мұхамедиұлы. 

Министрдің сөзінше, кейінгі жылдары сала жұмысының сапасын жетілдіру және спорт базасын нығайту, шеберлігі жоғары спортшыларды дайындау, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бағытында үлкен жұмыс атқарылды.

"Бұл ретте, балалар мен жасөспірімдер спортына басымдық беріледі. Бұл бағытта біз жергілікті атқарушы органдар, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мектептерде спорт секциялары мен клубтарын ашу, мектеп жарыстарын ұйымдастыру жұмыстарын қолға алдық", - деп атап өтті министр. 

Ол бүгінде республикада 125 кәсіби спорттык клуб жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Бұл клубтарда қазіргі күні дене шынықтыру және спортпен 35 мың адам айналысады, оның ішінде шамамен екі мыңы ауылдық жердің тұрғындары. Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 3,3 млн адамды (оның 1,6 млн-ы ауыл тұрғындары) қамтитын 92,5 мың спорттық секция жұмыс істейді. 

"Жалпы, республика бойынша 25,1 пайыз адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш мемлекетімізде 4 млн 300 мыңнан астам адам елдің дене шынықтыру-спорттық қозғалысына белсенді қатысады деген сөз", - деді А.Мұхамедиұлы. 

Министр атап өткендей, "100 нақты қадам" ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында халықаралық тәжірибе негізінде спортты дамытуға бағытталған құжаттар әзірленген. Бұл құжаттарда елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!