Қазақстан жұлдыздары балаларын мектепке даярлауда

Фотография - Қазақстан жұлдыздары балаларын мектепке даярлауда

Роза Рымбаева, Жәмилә Серкебаева мен Парвиз Назаров балаларының 1 ыркүйекке дайындығы туралы айтып берді

1187 0

Білім күні – бүл оқушылар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де айтулы күн. Баланы мектепке қалай даярлау керек? Мектеп формасын қайдан алуға болады? Бұл сұрақтар жұлдыздары қарапайым жандардан кем толғандырмайды. Қазақстандық жұлдыздар Today.kz-ке 1 қыркүйекті балаларының қалай қарсы алатыны айтып берді.

Роза Рымбаева: ұлы Мәди, 16 жас.

"Мәди үшін киім таңдау – бұл үлкен оқиға: мен, Әли мен Мәди бірге барып дүкендерге  "шабуылдаймыз". Үлкен ағасы Әлидің Мәди алдында беделі үлкен, сондықтан, оның сөзі шешуші. Алайда Әли үнемі інісінің жағында, маған қазір ненің  "сәнді" екенін түсіндіреді. Мен шетелден сыйлық әкелуге тырысам, бірақ, киім тола ауыр чемомодандарды тасығым келмейді. Мәди Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды, онда қатал киім тәртібі бар, сондықтан, сәннің артынан  "куудың" пайдасы жоқ. Біздің отбасы брендке бас июшілерден емес. Біз қарапайым адамбыз, осы жылы өзге ата-аналар сияқты линейкаға барамын. Жиналыстарға үнемі барамын, Мәди бірдеме былықтырып қйғанда директордың алдында қызарған кезім де болды. Басшылық менің халық әртісі екеніме қарамады. Бұл жағынан босаңсу жоқ, қоңырау шалады да: "Рымбаева! Мәдениетке!", -дейді. Шаруалардың бәрін тастаймын да, мектеп директорына асығамын", – дейді Роза Рымбаева.

Жәмилә Серкебаева: ұлы Шәміл, 15 жас.

"Ұлым 31 тамызда 15 жасқа толады, міне екінші жыл болды әскери мектепте оқиды. Онда форма мен кітаптарды өздері береді, мені Шәмілдің білім алуы көбірек алаңдатады: математика мен ағылшын тілі бойынша оқытушылар жалдадым. Жалпы балалар тез өседі, сондықтан, киімді жиі алып тұру керек. Мен немесе апасы дүкен аралаймыз, бірақ, шешуші сөз Шәмілдікі, өйткені, алған киім ұнамаса, олар сол күйі шкафта қалады. Ол бізбен талғам туралы дауласудан қорықпайды. 1 қыркүйек қарсаңында оған шетелден салтанатты, күнделікті емес бір киім аламын. Ұлым неге екенін, резіңке аяқ киімді ұнатады, оның зиян екенін қанша айтсам да. Сүйікті түсі – қара, сүйікті әншісі Тиматиден келген шығар. Жақында "Мегаға" барып, майка мен джинсілер, ұсақ-түйек алғанбыз, 100 мың кетті, бала өсіру арзанға түспейді. Біз: бала өседі, бағалар да өседі, деп күлеміз. Линейкаға міндетті түрде барамын: мұғалімдерге алғыс айтып, шыдамдылық тілеу мүмкіндігін жібермеймін", – дейді скрипкашы.

 Парвиз Назаров: қызы Гесу.

"Үлкен ұлым Тимур 27 жаста, ол институт бітіріп, жұмыс істеп жүр, ортаншы қызым Ниссо мектеп жасынан асқан, ал кенже қызым Гесу осы жылы бесінші сыныпқа барады. Ол бәрін өзі шешеді, сондықтан анасы екеуміз әмиянді қолға ұстап, артынан жүріп қана отырамыз. Негізінен, сөмке, аяқ киім мен өзгесін Араб Әмірліктерінен, Түркиядан сатып алып, демалысты қоса сонда өткіземіз. Жақында Хайнаньда болдық, қайтарда Гуанчжоу арқылы ұштық, сол жерде 1 қыркүйекке қызымызға туфли көрдік. Сатып алдық, үйге келгесін ғана корапшаға екі туфли де оң аяққа екенін бірақ байқадық. Алматыда ұқсас туфли таптық, сондықтан 1 қыркүйекке дайынбыз деуге болады, форма тіктіру ғана қалды. Линейкаға жұбайым және үлкен балаларыммен бірге барамыз бұл – отбасылық дәстүр. Мұғалімге гладиолустар мен раушан аламыз деп шештік, бұл біздің сүйікті гүлдеріміз", - дейді әнші.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!