Алматы облысында биыл мәдениет саласын дамытуға 616 млн. теңге бөлінген

Фотография - Алматы облысында биыл мәдениет саласын дамытуға 616 млн. теңге бөлінген

Алматыға жақын орналасқан аудандар да алдағы айда мәдениет күндерін бірлесіп өткізетін болады.

270 0

Биыл Алматы облысында аудан, қалалардың мәдениет күндерін атап өту басталғанына - 10 жыл.
Бұл мерейлі жыл Қазақ Хандығының 550 жылдығымен, Қазақстан Конституциясы мен Ассамблеяның 20 жылдықтарымен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан Талдықорған маңындағы 8 аудан 1 қаланы біріктіріп, жаңа форматта өткізілген шараға осы айтулы даталар негізгі тақырып болды. Айта кету керек, Алматыға жақын орналасқан аудандар да алдағы айда мәдениет күндерін бірлесіп өткізетін болады.

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен аудан делегацияларымен кездесу барысында облыс әкімі Амандық Баталов аймақ руханиятындағы жетістіктер мен қолдаулар туралы, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы да баяндады. Мәселен, өңірдегі мәдениет саласының  бюджеті биылғы жылы 616 млн. теңгені құраған. Өңірдегі 561 мәдениет нысанында 2700-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Облыстағы халықтық атағы бар ұжымдар саны бүгінгі күні 88-ге жетіп отыр.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: "Жалпы, Елбасы аудандардың экономикалық өсімге қосатын үлесінің арасындағы алшақтықты жою  туралы міндет жүктеген еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында облыста елеулі жұмыстар атқарып жатырмыз. Оған өздеріңіз де үлес қосып келесіздер. Аудандарға жасаған жұмыс сапарларымда қант қызылшасы өнімін өсіру мен оны тиімді өңдеу, астық жинау, мал тұқымын асылдандыру ісінде жасалған игі істерді көрдім. Алдағы уақытта аудандарға көрсетілетін қолдаулар әрі қарай да жалғаса беретін болады. Қаратал ауданы мен Талдықорған арасындағы жолдың жөндеу жұмыстарын аяғына дейін жеткіземіз. Алакөл ауданында туризмді дамытуға жағдай жасап, көлде демалушыларға қызмет көрсететін ФАП саламыз, Үшаралға әуежай тұрғызып, демалушылардың Алакөлге ұшақпен баруларына мүмкіндік жасаймыз, көл айналасындағы тазалық мәселесімен айналысатын коммуналдық қызмет құрамыз", - дей келе, аудан-қалаларда атқарылатын келелі істерге тоқталып өтті.

Кездесуде әр аудан өкілдері сөз алып, мәдениет күндерінің маңызы туралы өз ой-пікірлерін білдірді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Жиын соңында облыс басшысы А. Баталов шараға келген аудан, қала басшыларына дыбыскүшейткіш аппаратураларының сертификаттарын табыс етті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!