Ең танымал One Direction тобы таратйтындарын жариялады

Фотография - Ең танымал One Direction тобы таратйтындарын жариялады

Әлемге танымал бойз-бэнд One Direction тобы таратылатын болды.

140 0

Әлемге танымал бойз-бэнд One Direction тобы таратылатын болды. 

Lifenews таратқан ақпаратқа сүйенсек, топ әншілері жеке шығармашылықпен айналыспақшы. Гарии Стайлс, Лиам Пэйн, Луи Томлинсон және Найл Хоран өздерінің бесінші ән жинақтарын қолдау бойынша бірлескен тур өткізуден бас тартты. Қазіргі уақытта әлемдегі ең танымал топ деген мәртебеге ие One Direction бірлескен жұмыстардың барлығын тоқтатады.

Алайда, әнші жігіттер топтың тек уақытша таратылатынын айтуда. One Direction құрамындағы жұмыстарға бір жыл үзіліс жасалады. Айта кету керек, бойз-бендте олар бес жыл бірге жұмыс жасап келді. Топ қатысушылары бұл үзіліс өзара келіспеушіліктерден туындап отырмағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, аталған топ 2010 жылы Лондонда құрылған болатын. Алғашқы Up All Night ән жинағы оларға бүкіләлемдік атақ алып келді. Ал What makes you beautiful туындысы әлемдік чарттарда көш бастап, бойз-бендтің ән жинағы US Billboard 200-де бірінші орынды иеленді. Британдық топтың алғашқы жұмысы америкалық чартта мұндай жетістікке жетуі алғаш рет орын алып отырғандықтан, осы жеңіс Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

One Direction тобы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!