Аша Матай мен Арман Қоңырбаев алдағы үйлену тойы жайлы айтып береді

Фотография - Аша Матай мен Арман Қоңырбаев алдағы үйлену тойы жайлы айтып береді

2484 0

"Әйел бақыты" ток-шоуында Аша Матай мен "Mysterions" тобының солисі Арман Қоңырбаев алда болатын қыз ұзату мен үйлену той жайында сыр шертпек.

Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуының жаңа маусымы бүгін, 24 тамызда басталады. Үшінші маусым қарсаңында Ләйлә Сұлтанқызы көрермендер үшін ең сезімтал да шынайы өмір оқиғаларын әзірлеп қойды.

Әлеуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның басты «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымдағы алғашқы саны бүгін 15.00-де "Қазақстан" телеарнасында эфирге шығады. Оның алғашқы қонақтары - әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисті Арман Қоңырбаев.

Жылдың басында Аша Матайға Арман Қоңырбаев тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарланған еді, ал екеуінің арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың басынан бері ел назарына іліккен болатын. Алайда жұлдызды жұп бұл туралы жария етуге асықпады. Екеуі сол уақытта "Жүрек сыңарым" атты әнін жазып, бірге орындап жүрді. Қазіргі таңдағы олардың арасындағы қарым-қатынас, алда болатын қыз ұзату мен көптен күткен үйлену тойы жайында анық-қанығын бүгінгі эксклюзивті хабардан біле аласыздар, деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК баспасөз қызметінен.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!