Қазақ мемлекеттігінің тарихи кепілі болған кітап жарық көрді (ФОТО)

Фотография - Қазақ мемлекеттігінің тарихи кепілі болған кітап жарық көрді (ФОТО)

ҚР Ұлттық кітапханасында Махмұт Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітаптарының жаңа басылымдарының тұсаукесері өтті.

686 0

ҚР Ұлттық кітапханасында Махмұт Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" және Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітаптарының жаңа басылымдарының тұсаукесері өтті."Бүгін біз қазақтың, қазақ хандығының бірден-бір және жалғыз дереккөзі Махмұт Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" кітабының тұсаукесеріне келіп отырмыз. Бұл кітапты тұпнұсқадан аударған иран тілінің маманы Ислам Жеменей. Бұл кітаптың аударылуы біздің қазақ мемлекеттігіміздің, қазақ хандығының нақты тарихи кепілі болып табылады", - деді кітаптардың таныстырылым шарасында "Отырар" кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбай.

Оның атап өтуінше, қазақ мемлекетінің, яғни, біздің ұлттық идеямыздың екінші рет оянуына түрткі болып, осы тәуелсіздік идеямыздың негізін қалаған екінші адам - қазақтың ұлы жазушысы Ілиясы Есенберлин.

"Әуезовтен кейінгі Есенберлиндей Алаш идеясына кепіл болған және қазақтың ұлттық өмірлік идеясын мұратына айналдырған жазушы тарихи тұрғыда жоқ деуге болады. Қалай жазсын, олай жазсын. Сол идеяны жүзеге асырды. Ал қазақ мемлекеттігінің құрылғанына 550 жыл, І.Есенберлиннің де туғанына 100 жыл толуына орай бұл кітаптардың бір мезетте жарыққа шығуы ұлы сәйкестік деп ойлаймын", - дед ол.

Махмұт Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" кітабы иран тілінен аударылып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 7 мың данамен жарыққа шығарылған. Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы қазақ тілінде 2 мың, орыс тілінде 2 мың және ағылшын тілінде 2 мың данамен жарық көрді.

3 

5 

4 

2 

6  


Тегтер:

кітап Қазақ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!