Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi

Фотография - Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi

Жақында Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi деген сыбыс пайда болды.

832 0

Жақында Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi деген сыбыс пайда болды. Қазір бұл әңгіме әнші әріптестерінің арасында қызу талқыға түсуде. Тек Кәмшаттың кеткені туралы Баян Есентаева өзінің инстаграм парақшасында ресми түрде жариялады. 

 Жанар Дуғалова Баян Есентаеваның продюсерлік орталығына алғаш "Премьера" деп аталатын топтың әншісі ретінде кабылданған болатын. Жанар ол топта Айдана Меденовамен өнер көрсетті. Кейiннен Мөлдир Әуелбекованын орнына "КешYou" тобына қабылданды. Қосымша жеке шығармашылығын шыңдады. Кешьюге, өзіне автор ретінде бірнеше әндер жазды. "Turkvizyon" байқауына қатысып, Қазақстанға бас жүлдені жеңіп алып келді. "Ғашық жүрек 2" фильміне, "Махаббатым Жүрегімде" телехикаясына түсті.
Кәмшат Жолдыбаева сазгер Мақсат Жәутіковтың "Райхани" тобында өнер көрсеткен. Кейiннен Кешьюдің жаңа құрамында ән салды. Топтан бір рет кетіп, қайта оралған. Өткен жылы "КешYou" тобынан кетіп, жеке әнші ретінде таныла бастады. Қазір Кәмшаттың қоржынында бірнеше ән және екі бейнебаян бар.

 

 

DCd5et26vEo

klnXmBp3OR8

 

NFPJ9UUtEuQ

YD5eGV00iSM

baistars.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!