Е.Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды

Фотография - Е.Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі Қазақстан тарапынан "Оскар" сыйлығының "Шет тіліндегі ең үздік фильм" аталымы бойынша сынға түседі.

373 0

 Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі Қазақстан тарапынан "Оскар" сыйлығының "Шет тіліндегі ең үздік фильм" аталымы бойынша сынға түседі. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлады.

"Жат" фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған болатын. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Айта кетейік, фильмнің сценарий авторы және режиссёрі - Ермек Тұрсынов. Қоюшы-оператор Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші - Александр Ророкин, композитор - Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Естеріңізге салсақ, "Жат" фильмі - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Ал, кинокартинаның әлемдік премьерасы биыл қыркүйекте Торонто халықаралық фестивалінде өткен болатын. Тұрсыновтың бұған дейін "Келін" және "Шал" фильмдері "Оскарға" ұсынылған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!