Алматыда ДДТ мен Дельфин өнер көрсетеді (сурет)

Фотография - Алматыда ДДТ мен Дельфин өнер көрсетеді (сурет)

Алматыда көптеген ресейлік жұлдыздар қатысатын "Нашествие" фестивалі бастау алды

325 0

Алматыға "Нашествие" музыка фестиваліне қатысу үшін ресейлік рок жұлдыздары келді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.  

Рок-фестиваль бүгін ашық аспан астында, Алматыдағы "Тортуга" демалыс паркінің аумағында өтеді. Ресейден келген қонақтар ретінде фестивальде ДДТ тобы, Кипелов, Lumen, Пилот, Дельфин, Слот сияқты белгілі ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетеді.

Қазақстан жағынан Aldaspan этно-рок ұжымы, BluesMotel тобы, Қарағандыдан келген КУКУМБЕР және Fugawz топтары, "LampЫ ORCHESTRA" және "SPUTNIKI" фестивальге қатысады деп күтілуде.

Концерттік бағдарлама 12 сағат болады деп жоспарланған.

Айта кетейік, "Нашествие" – ашық аспан астындағы рок-музыканың ТМД бойынша ірі музыкалық фестивальдерінің бірі. Ресейде ол 1999 жылдан бері өтеді. "Нашествие" Алматыда алғаш рет 2005 жылы өткізілді, келесі оқиғаны Қазақстан 10 жыл күтті. Осы жылы рок-фестивальге келушілер саны 15 мың адамға жетеді деп күтілуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!