Жанар Даукеева: Индира Расылханға пи-ар керек болған шығар (ФОТО)

Фотография - Жанар Даукеева: Индира Расылханға пи-ар керек болған шығар (ФОТО)

Осыдан бірер күн бұрын Индира Расылханның "Қоштасу" атты әніне байланысты үлкен дау туған болатын. Индира әнін рұқсатсыз айтып, халыққа өзінің жаңа туындысы ретінде таныстырған жас әнші Жанар Дәукееваға өкпелі екенін хабарлаған еді.

252 0

Осыдан бірер күн бұрын Индира Расылханның "Қоштасу" атты әніне байланысты үлкен дау туған болатын. Индира әнін рұқсатсыз айтып, халыққа өзінің жаңа туындысы ретінде таныстырған жас әнші Жанар Дәукееваға өкпелі екенін хабарлаған еді. Осыдан кейін Жанар Дәукеева әнді ұрламағанын айтып, басқаша мәлімдеме жасады, деп жазады baistars.kz. Жанар Дәукеева:

"Сабыр түбі-сары алтын» демекші үндемедім. Бірақ қояр емес. Қоштасу әнінің авторы: Бауыржан Өскенбеков. Мен орындаушымын, маған сатып алып берген. Индира Расылхан бәрін таң қалдырды. «Жанар Даукеева менің әнімді ұрлап алыпты» деп жария етіпті. Не үшін олай жасағанын түсінбедім. Кеше ғана екеуміз телефонмен сөйлестік, нөмірімді жақсы біледі. Шын мәнінде ұрласам, неге өзіме хабарласып айтпайды? Неге халықты алдап, мені балағаттайды елдің алдында? Әлде мені жас әнші деп басынғандары ма? Бұл әннің өз иесі бар. Индираның әні емес, оны өзі жақсы біліп тұр. Соған қарамастан мен өзім хабарластым. "Неге халықты шулатып жатырсыз? Жазғандарыңызды өшіріп, өзіміз шешейік" деп едім, оған көнбеді. Соған қарағанда, Индираға пияр керек болған шығар. Ән маған «басында Индираға бергенбіз, бірақ ол дұрыс орындай алмады. Ән ешқайда таратылған жоқ, сен айт" деп берілген.

Менің орындауымдағы ән бәрінің көңілінен шыққан соң, әннің иесі маған берді. Индира Расылханнын еш қатысы жоқ бұл әнге. Неге мен әншіден руксат сұрауым керек? Мен олардың мұндай былықтарына араласпаймын", - деді Жанар Даукеева.

Бұған дейін Индира Расылхан:

"Менің осы әнімді рұқсатымсыз айтып жүргенін бүгін естіп, өзім таң қалдым. Сонда бізде әншінің қадірі қайда қалды деген ой қатты мазалап отыр. Айтылып қойған әннің арқасында танымал болғысы келіп жүрген ол - Жанар Даукеева. Арғы жағын өздеріңіз саралаңыздар", - деп әнші ренішін білдірді.

null null



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!