Мемлекет басшысы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді

Фотография - Мемлекет басшысы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді

Қазақ хандығы туралы тарихи сериалдың авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын жазды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

269 0

Қазақ хандығы туралы тарихи сериалдың  авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын жазды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

"Қазақ Елі" тарихи сериалының түсірілімі жайында айтатын болсақ, қазіргі кезде Мемлекет басшысының түзетулерін ескере отырып, фильмнің авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын құрды. Жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылатын болады»,-делінген министрлік мәліметінде.

Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік және экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен  ат әбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы әзірлеу және басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар.

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақфильм" киностудиясына барып, онда киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты.

Айта кетейік, "Қазақ Елі" туындысының режиссері - Рүстем Әбдiрашев.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!