Қазақстандық дизайнерлер "Служебный роман" кинофильміне бет бұрды (сурет)

Фотография - Қазақстандық дизайнерлер "Служебный роман" кинофильміне бет бұрды (сурет)

Отандық дизайнерлер қыста және күзде қазақстандықтарды қалай киіндірмек

769 0

Қазақстан дизайнерлері  Today.kz тілшісіне алдағы күз бен қыста сәнді болатын киім үлгілеріндегі үрдістер, түстер мен принттер туралы айтып берді.

Сәкен Жақсыбаев:

"Бұл жолы біз әлемде негізгі сәнді үрдіс болып келетін ретро салтанаттылыққа бет бұрдық. Біздің белгілі Қастеев атындағы мұражайда жарнамалық компаниямызды өткіздік, онда біз қызықты образдар көрсетілді: салтанаттылық пен сәннің квинтэссенциясы. Ұзын классикалық көйлектерге жүн, мақта, зығыр, букле қолданылады, өйткені синтетика мен полиэстер біздің ауа-райына жарамайды. Дұрыстап қарасаңыз "Служебный роман" кинофильміндегі басты рөлдердегі әйелдер образын еске салады.

Дизайнердің айтуынша, қазір сұр, көктің барлық реңкі, электрик блю, Кристиан Диор үйінің түсі – фуксия түсі актуалды. Ал маталардан – этника, яғни, африкалық, мексикалық оюлардың араласы.

"Біздің қазақтың оюы дұрыстап қолданса жарқын принтке айнала алады. Бағасы туралы айтсам: бұрынғы алушыларды олар шошытпайды. Біз бағаны көтермедік, әдемі көйлекті 20 мың теңгеге алуға болады", - деді Сәкен Жақсыбаев.

 

Тамара Ламанукаева:

"2015 күз-қыс топтамасында мен біздің сәнқойлар жақсы көретін жылы, тоқылған матаны таңдадым. Сондай-ақ, джинсымен де жұмыс істедім: әр түрлі пальто, өте және орта ұзындықтағы. Былғарыны да айналып өтпедік: оның табиғи да жасанды түрін қолданамыз. Жүннен жасалған жилеттер 40 мыңнан басталып, 1000 долларға дейін барады".

 

Сергей Шабунин:

"2015 күз-қыс топтамасының ұраны: "Ресейден сүйіспеншілікпен", өйткені ол орыс стилінде, бұл жүн мен кестелеудің молдығы. Топтаманы менен тарату мүмкіндігінсіз француздар сатып алды. Мен сйнқой жастардың көптігі қуандырады. Бұл шетелде оқып, кейін Қазақстанға батыстық үрдістерді әкелумен байланысты. Дегенмен, отандық дизайнерді қолдап, санаулы шыққан киімді алған жақсы, әлемде мыңдап тараған Дольче Габанна көйлегінде жүргенше. Биыл мен жасылға, қызылға және сирень түсіне боялған шілтерді, қасқыр мен опоссум жүнін көптеп қолдандым. Мен жоғары сапалы шикізатты қалаймын, сондықтан пальтоға бағаны француздар 1,5 еуро деп қойды. Егер біздің нарықты алсақ, онда бағалар 70-100 мың теңге".

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!