Алматыда KitapFest кітап фестиваліне 2 мыңға жуық адам қатысты (ФОТО)

Фотография - Алматыда KitapFest кітап фестиваліне 2 мыңға жуық адам қатысты (ФОТО)

Алматыда Мәдениет және демалыс орталық саябағында KitapFest 2-ші қалалық кітап фестивалі өтті. Оған ұйымдастырушылардың айтуынша шамамен 2 мыңға жуық адам қатысты.

471 0

Алматыда Мәдениет және демалыс орталық саябағында KitapFest 2-ші қалалық кітап фестивалі өтті. Оған ұйымдастырушылардың айтуынша шамамен 2 мыңға жуық адам қатысты. "Бұл фестиваль осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Енді алдағы уақытта оны дәстүрлі фестивальге айналдыру ойымызда бар. Бұл фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат - адамдарды кітап оқуға тарту. Әсіресе - жастарды. Өйткені олар, қазіргі таңда ақпараттық технологияның қарыштап дамуының арқасында кітапты өте сирек оқитын болып барады. Ал кітап - біздің рухани байлығымыз. Оның орнын ешқандай электрондық оқу құралдары баса алмайды", - деді бүгінгі шараны ұйымдастырушы ұйым  "Бауыржан" қайырымдылық қорының менеджері Айнұр Сәлімбаева.

Ол сонымен қатар, биылғы фестивальдің балалар әдебиетіне арналғандығын жеткізді. «Бүгінгі шараға қаладағы ірі 10 баспа мекемесі мен 6 кітап дүкені қатысып, арзандатылған бағамен балалар әдебиетін сатты. Таңертең келушілер саны өте көп болды. Арнайы есеп жүргізілмегенімен қазіргі уақытқа дейін келушілер саны 2 мыңға жуықтады. Сонымен қатар, бүгінгі фестиваль аясында «Балаларға кітап сыйла» акциясы да жүргізілді. Онда ниет білдірушілер балаларға арналған көркем әдебиет немесе басқа да танымдық кітаптарды әкеліп бізге сыйлап жатты. Бұл кітаптар кейін қаладағы Балалар хирургиясы және педиатрия орталығында емделіп жатқан балаларға тегін таратылатын болады», - деді А. Сәлімбаева. 

Айта кеткен жөн, бүгін фестиваль аясында "Алматы қалалық орталықтандырылған кітапхана желісі" мемлекеттік мекемесі бірқатар кітап көрмелерін ұйымдастырды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кітап көрмелерін айтуға болады.  

null null null null null null



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!