Керей мен Жәнібек хандар туралы мультфильм көрсетіледі

Фотография - Керей мен Жәнібек хандар туралы мультфильм көрсетіледі

552 0

 

"САҚ" киностудиясы "Қазақ елі" атты толықметражды анимациялық фильм ұсынбақ. Туындының оқиға желісі Керей мен Жәнібектің бала кездерінен бастап, Қазақ хандығын құрғанға дейінгі аралықты қамтиды.

Фильм желісінде Жәнібек пен Керейдің ұстазы болған Қарт батырдың оларға садақ ату, қылыштасу, жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйретуі баяндалады. Ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұстазынан ұғынған Керей мен Жәнібектің Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәрістер алып, елге оралғанда түрлі ерліктерімен көзге түсе бастауы да қамтылған.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Олардың тай үйретеміз деп жүріп, қалай қарақшыларға тап болғандары, Қарт батырдың көмегімен қарақшыларды жеңіп шығуы суреттеледі. Осы эпизодқа арнайы жазылған "Қарақшылар" әнін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды кәсіби әншілермен қатар әзілімен танылған азаматтар Нұржан Төлендиев пен Берік Тұрсынбеков орындайды деп күтілуде.

Фильм барысында қазақ жерінің әсем табиғаты, сол замандағы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты қалалар, зәулім хан сарайлары көрсетіледі. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананың бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Туындының тарихи кеңесшісі — тарих ғалымдарының докторы, профессор — Жамбыл Артықбай. Анимациялық фильмнің көрсетілімі Тәуелсіздік күні қарсаңына жоспарланған.

 

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!