"Сәбина келін-2" фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды

Фотография - "Сәбина келін-2" фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды

Қазақстандық танымал режиссер әрі актер Нұртас Адамбаевтың "Сәбина келін-2" фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл жайында ол өзінің интернет парақшасында бөліскен болатын

236 0

Қазақстандық танымал режиссер әрі актер Нұртас Адамбаевтың "Сәбина келін-2" фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл жайында ол өзінің интернет парақшасында бөліскен болатын.

Көптен күткен фильм көрермендер назарына келер жылдың ақпан немесе наурыз айларында көрсетіледі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Нұртас Адамбаев осы жылы көрермендердің сұранысы бойынша түсірген "Ауылдан қашу" комедиясын да қолға алды. Фильм қыркүйек айында көрсетіледі деп күтілуде.

Естеріңізге салайық, Отандық "Сәбина келін" фильмінің оқиға аты ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбиді. Басты рөлдегі Сәбина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, бесбармақ әзірлеп, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Картина авторының айтуы бойынша бұл фильм көптеген қызға жақсы үлгі боларлық тәрбиелік мәні бар туынды.

Айта кетейік, "Сәбина келін" комедиялық фильмінің бірінші бөлімі бес күн ішінде прокатта 600 мың доллар ақша жинаған болатын. Сәбина келін туралы фильмді түсіруге 300 мың доллар (54,6 миллион теңге) жұмсалған.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!