Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу үшін еліміздің өңірлерінен делегациялар елордаға келді

Фотография - Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу үшін еліміздің өңірлерінен делегациялар елордаға келді

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда басты халықтық серуен өтетін этноауыл салынуда.

268 0

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда басты халықтық серуен өтетін этноауыл салынуда. Барша қазақстандықтар аталмыш тарихи датаны алдағы демалыс күндері, 11-13 қыркүйекте атап өтеді.

Бұл туралы Астана қаласы мәдениет басқармасы хабарлады.

"Қазақ Елі" алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан және т.б. орнатылды. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларының үздік шығармашылық ұжымдары үш күн бойы өз өнерлерін ортаға салады.

Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнері солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына "Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнетаныстырылымы, "Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалі, "Сиқырлы би әлемі" би фестивалі, "Бірлігіміз жарасқан" атты Қазақстан халқы достығы концерті, "Ғасырлар үні" этно-концерті ұсынылады. Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналған экскурсия және астаналық дарынды жастардың қатысуымен концерт өткізіледі. 

Этноауылда қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақ, бұқа тартыс, арқан тартыс, асықату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мерекелік шаралар бағдарламасына сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілді.

Барлық облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі үш күнге жалғасатын мерекенің көркін келтірмек. Парад 12 қыркүйекте сағат 10.00-да "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда өтеді.Осы күні сағат 19:00-да өңірлердің ең үздік номерлері гала-концертте көрермендер назарына ұсынылады.

null null null 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!