Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Фотография - Астанада қалалық Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

16 қыркүйекте сағат 17.00 "Мега" СОО "Үздік жарнама" байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты байқау өтеді.

512 0

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай елордада XVІІ қалалық Тілдер фестивалі өткізілді. Мерекелік шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Фестивальдің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты. Аталған шараның мақсаты - қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді ояту, халық достығы мен бірлігін, жастар арасында еліміздің дамуына үлес қосуды насихаттау. Мерекелік шарада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

16 қыркүйекте сағат 17.00 "Мега" СОО "Үздік жарнама" байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты байқау өтеді.

22 қыркүйекте сағат 18.00 "Тілеп қобыз сарайы" концерт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Тарих пен тіл тамырлас" атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы 24 қыркүйекке белгіленген. Осы күні таңғы сағат 10.00-нан 22.00 дейін қоғамдық көліктер, медицина мекемелері мен сауда орталықтарында "Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз" атты акция ұйымдастырылмақ. Фестивальдің жабылу салтанаты аясында қалалық алаңда "Тіл тұтастығы - ел тұтастығы" атты гала-концерт өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!