Мақпал Жүнісова өзіне пародия жасайтын жігітке қатты ескерту жасады

Фотография - Мақпал Жүнісова өзіне пародия жасайтын жігітке қатты ескерту жасады

Елдің сүйіспеншілігіне бөленген халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін айнытпай салып, пародия жасап жүрген жігітке өкпелі.

236 0

Елдің сүйіспеншілігіне бөленген халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін айнытпай салып, пародия жасап жүрген жігітке өкпелі, деп хабарлайды "31 АРНА". 

Мақпал Жүнісованың образын айнытпай қайталап, әнін қойып, тойларға шығатын азаматпен халық әртісі бір жылдан аса күресіп келеді.
"Маған ондай жарнаманың қажеті жоқ - бір. Екіншіден, ол пародия емес, ол менің жазбаларымды алып, соны қойып, еркек басымен әйелше киініп, қалай болса солай боянып, тойларға барып, Мақпал Жүнісоваға пародия жасап жүрмін деп шығып жүр. Ол дұрыс нәрсе емес. Пародияда адам өзінің дауысымен айтады", - дейді Мақпал.

Әнші оның тойларда қанша қаражат тауып жүргенін де жақсы біледі екен.

"Мен оны да білдім, мың доллардан бастайды екен. Сосын, шақырусыз тойларға кіреді екен. Мен Мақпалға пародия жасаймын, 100 доллар, 200 доллар беріңіздер деп ақша табады екен. Бұл деген сұмдық қой. Мен сонша күлкілі болатын адаммын ба? Мен атым шыққан халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегерімін. Олай тыртың-тыртың етіп, еркек басымен басқа жұмыс таба алмай жүр ме?", - деп назын білдірді Жүнісова.

Қанша ескерту жасаса да жігіт бұл ісін қоймай келеді дейді әнші. Соттасуға барамын деп әлеуметтік желіге жазғанымен, оған уақытым жоқ деген халық әртісі жігітке тағы бір ескертуін телеарна арқылы жасады.

"Қарағым маған жарнама жасамай-ақ қой, сен пародия жасап жатқан жоқсың, менің еңбегімді ұрлап жатырсың, айналайын. Тып-тыныш қоя қояйық", - деп ер кісіге сәлемін жолдады әнші.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!