"BalaTurkvizyon" балалар байқауының іріктеуіне 2000 бала қатысты

Фотография - "BalaTurkvizyon" балалар байқауының іріктеуіне 2000 бала қатысты

"BalaTurkvizyon- Қазақстан" ұлттық іріктеу кезеңі 8 маусым мен 8 тамыз аралығында еліміздің барлық аймағында өтті. Іріктеуге 2000-ға жуық өнерпаз қатысты.

252 0

"BalaTurkvizyon" халықаралық байқауының Қазақстандағы аймақтық іріктеуіне 1987 бала қатысқан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қорының төрағасы Мұрат Исаханов айтты.

– "BalaTurkvizyon- Қазақстан" ұлттық іріктеу кезеңі 8 маусым мен 8 тамыз аралығында еліміздің барлық аймағында өтті. Іріктеуге 2000-ға жуық өнерпаз қатысты. Әр өңірден жұлдызды тәлімгерлер танымал продюсерлермен біріге отырып, 8-13 жас аралығындағы жан-жақты дамыған өнерлі балаларды таңдады. Әр қатысушы іріктеу нәтижесінен бөлек, арнайы сертификат пен "BalaTurkvizyon" әнұраны" жазылған үнтаспаға ие болды, – дейді М. Исаханов.

Айта кетейік, қыркүйектің 19-20 күндері Бейбітшілік және келсім сарайында жартылай және финалдық кезеңі өтеді. Балаларға арналған жаңа әндерді барлық көрермендер мен қазақстандық 16 эстрада жұлдызынан құралған қазылар алқасы таңдайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!