Торонтода «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Фотография - Торонтода «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Торонтодағы 40-шы рет өткен халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы өтті

161 0

 

Торонтодағы 40-шы рет өткен халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің әлемдік премьерасы өтті.

Осынау драманың көрсетілімі Contemporary world cinema бағдарламасының аясында көрсетілді. Шет елдік Variety, Hollywood reporter, Le Screen, Screen today сияқты ірі киножурналдар қазақстандық туындыға рецензия жарияласа, ал кейбірі тіпті "Жат" лентасының постерін журналдың алдыңғы бетіне шығарды, деп хабарлады baq.kz.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған көрінеді. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Торонто фестивальге қатысуға 60 елден келген 300-ден аса фильмнің өтініші келіп түскен. Осынау фестивальдің ашылуында режиссер Жан-Марк Валленің "Ойран" драмасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Джонни Депптің атышулы "Черная месса" фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Торонтодағы халықаралық кинофестиваль - әлемнің ең ірі фестивальдерінің бірі, ол Канадада 1976 жылдан бері өтіп келеді. Осынау байқаудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Байқауда ресми қазылар алқасы болмайды әрі жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!