"Еуразия" кинофестивалінде 10 фильмнің тұсауы кесілмек

Фотография - "Еуразия" кинофестивалінде 10 фильмнің тұсауы кесілмек

Ағымдағы жылдың 19-25-ші қыркүйегі аралығында Алматыда өтетін 11-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивальде 10 фильмнің тұсауы кесілмек

267 0

Ағымдағы жылдың 19-25-ші қыркүйегі аралығында Алматыда өтетін 11-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивальде 10 фильмнің тұсауы кесілмек, деп жазды baq.kz.

Байқауға Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі, Яннис Веслемес "Норвегия", қарғызстандық режиссер Мирлан Абдықалықовтың "Көктегі қоныс", Дениз Гамзе Эргювен "Мустанг", үнділік режиссер Адитья Викрам Сенгуптаның "Сүйікті іс", Эльчин Мусаоглу "Набат", Нима Джавиди "Мельбурн", Саломэ Алекси "Кредитті лимит", Хадиджа аль-Салями Йемен «Я Ноджюм, мне 10 и я разведена", ресейлік режиссер Ирина Евтееваның "Арвентур" фильмдері бақ сынайды.

Халықаралық осынау байқаудың қазылар алқасының құрамында 20 шақты премияның лауреаты мавритиндық танымал кинорежиссер Абдеррахман Сиссако қатысады. "Еуразия" 11-ші халықаралық кинофестивалі "Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы" деген тақырыптың аясында өтпек. Фестивальдің басты мақсаты – Алматыда әр елдің кино мамандарының басын қосып, кинематографияның келешегін айқындау. Ұлы Жібек жолы тақырыбы ұрпақ сабақтастығын, ескі кино мен жаңа киноның байланысын, мәдениет пен жанрлардың, кино мектептерінің көп түрлілілігін аша түспек.

"Еуразия" халықаралық кинофестивалінде балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем, деректі және қысқаметражды фильмдер көрсетілсе, "Шәкен жұлдыздары" фестивалінде Орталық Азия киносы бағдарламасы ұсынылады. Сонымен қатар, байқауда тұңғыш рет келушілер саны бойынша есеп жүргізілетін болады. Екі кинофестивальде "Ең үздік ойын фильмі", "Ең үздік режиссерлік жұмыс", "Ең үздік ер адам рөлі", "Ең үздік әйел адам рөлі" және "Қазылар алқасының арнайы жүлдесі" деген аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Хакер" кинокартинасының алғашқы премьерасы өтеді. Фильмнің түсіру жұмыстары Нью-Йоркта, Торонтода, Дубайда және Бангкокта өткен. Сценарий жұмыстарымен Тимур Жақсылықов ("Рэкетир", "Адасушы", "Ликвидатор", "Жаужүрек мың бала") және Санжар Сұлтанов ("Уақыт күтпейді"). 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!