Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында "Тіл шебері - 2015" республикалық конкурсы өтуде

Фотография - Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында "Тіл шебері - 2015" республикалық конкурсы өтуде

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен жастар арасында "Тіл шебері" республикалық байқауы өтуде.

493 0

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен жастар арасында "Тіл шебері" республикалық байқауы өтуде.

Аталмыш байқау үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау,  іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа ұлтына қарамастан 21 мен 30 жас аралығындағы  жастар қатыса алады.

 Конкурс үш аталымнан тұрады:

"Мәдениеттаным" - қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

"Ұлттаным" - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;         

"Өнертаным" - 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу.

I аталымда қатысушылар қазақ халқының ұлттық киімін киіп шығулары тиіс.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың орамдылығы мен сапасы, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!