"Адель" фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты

Фотография - "Адель" фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Бисембиннің "Адель" толықметражды фильмнің бейнекадрлары интернетте жарияланды. Кинокартина отандық прокатқа 15 қазанда көрсетіледі деп күтілуде.

334 0

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Бисембиннің "Адель" толықметражды фильмнің бейнекадрлары интернетте жарияланды. Кинокартина отандық прокатқа 15 қазанда көрсетіледі деп күтілуде. Бұл жайында режиссер Асқар Бисембин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Режиссер Асқар Бисембин алдын "Үшеуге арналған үйлену той" атты комедиясы арқылы көпшілікке танымал. "Адель" фильмнің бас продюссері қазақстандық танымал әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова.

Фильмнің желісінде өз дегенімен жүретін бірбеткей Адель есімді қыз бен атақты композитор Бекжанның арасындағы романтикалық оқиғалар баяндалады. Ғашықтардың ролін фильмнің бас продюсері Әсел Сәдуақасова мен актер Берік Айтжанов сомдайды. Айта кетейік, Берік Айтжанов осы фильмдегі образы үшін өз имиджін түбегейлі өзгертуге тура келіп, сақал өсірген көрінеді.

Фильмнің түсірілім жұмыстары 10 мамыр күні Алматыда басталып, картинаны түсіруге 24 күн кеткен. Осынау фильмнің сценарийін жазғандар Асқар Бисембин мен Сергей Пак, ал композиторы - Павел Ли.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін "Адель" фильміне екі саундтрек жазылып үлгерді. Оларды қазақ экстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиева мен Қайрат Нұртас орындайтын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!