Таразда 30 метрлік "Қазақ хандығы" монументі салынуда (ФОТО)

Фотография - Таразда 30 метрлік "Қазақ хандығы" монументі салынуда (ФОТО)

Таразда "Қазақ хандығының 550 жылдығы" мерейтойлық шарасы аясында Елбасының қатысуымен ашылатын аса биік монументтің құрылысы аяқталып келеді.

310 0

Таразда "Қазақ хандығының 550 жылдығы" мерейтойлық шарасы аясында Елбасының қатысуымен ашылатын  аса биік монументтің құрылысы аяқталып келеді, деп хабарлайды, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

30 метрлік монумент қаланың батыс бөлігінде "Тараз-Арена" Спорт сарайына қарама-қарсы орналасқан.

Монумент аумағы 3,5 гектар, бұл жерде сквер және көлік тұрағы болады.

Бүгінгі таңда монументті және оның маңайын абаттандыру  жұмыстарының 90 пайызы аяқталды.

Құрылысты "Жамбылхимстрой-инжениринг" ЖШС жүргізуде.  Сондай-ақ ескерткіштің өзін жасау және орнату үшін "Арт-систем" ЖШС-мен 350 млн. теңгеге келісім жасалды. Аумақты абаттандыру және көлік қоятын жұмыстар құны - 177 млн. теңге.

Құрылысты 2015 жылдың 1 қазанында толық бітіру көзделіп отыр. Монументтің салтанатты ашылуы 9 қазанда, Қазақ хандығын тойлаудың екінші күнінде болады.

Айта кетер жайт, Тараз қаласындағы құрылыс пен абаттандыру жұмыстарына Қазақстанның барлық өңірлері жұмылдырылды.
null null null null null 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!