Нью-Йоркте суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

Фотография - Нью-Йоркте суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

Нью-Йоркте еліміздің дарынды суретшісіядролық қаруға қарсы "Атом" жобасының елшісі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды.

468 0

Нью-Йоркте еліміздің дарынды суретшісіядролық қаруға қарсы "Атом" жобасының елшісі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды. Өнер майталманының туындыларын тамашалауға танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген.

Ядролық қарусыз әлемді бейнелеп жүрген жерлесіміздің бірегей суреттері БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның да назарынан тыс қалмады. Ол тағдырдың қатал жазуына әуел бастан-ақ мойынсұнбаған. Өмірге деген құштарлығының арқасында сурет салуға ден қойған. Қылқаламды аузымен немесе аяғымен ұстап, өмірдің кезкелген сынынан сүрінбей өтуге шақырады. Ал сүйікті өнерінеөзі тәрізді атомдық сынақтардың қасіретін тартқанжандарды арқау етеді. Нью-Йорк төрінде дарынды суретшінің бірегей туындыларын БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун тамашалап, тәнті болды. Лассина Зербо, көрме қонағы: - Қазақстанға ядролық қаруға қарсы бастамасы үшін ризашылығымызды білдіреміз. "Атом" жобасының елшісі Кәріпбек Күйіков әлемді ядролық қарудан аластап қана қоймай, адамзатты дұрыс өмір сүруге шақырады. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелерге қатысты көмекшісі Мирослав Енча осыдан бес жыл бұрын Семей полигонына келген. Елге келген қонақ ядролық сынақтың ел мен жерге тигізген зардабын өз көзімен көрді. Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелерге қатысты көмекшісі: - Көрмедегі суреттер ядролық қарусыз әлем қалыптастыру қажеттігін ашық көрсетеді. Қазақ суретшісінің бірегей туындылары басқа адамдарға үлгі болуы тиіс. Отандасымыз Кәріпбек Күйіковтің шығармаларымен барлық әлем халықтары таныс. Дарынды суретші ядролық қаруға қарсы "Атом" жобасы аясында белсенділік танытып, түрлі халықаралық деңгейдегі басқосуларға қатысып жүреді. Юкио Такасу, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары: - Қылқаламды аузымен немесе аяғымен ұстап сурет салатын, жазу жазатын адамдарды көрсем, ерекше таңқаламын. Алайда қазақстандық суретшінің еңбектері тіптен керемет. Кәріпбек осыған дейін мұндай көрмелерді Хиросима мен Нагасакиде өткізгендігін білемін. Кәріпбек Күйіков тағдырына ешқашан өкпе айтып, мұң шағып көрген емес. Керісінше, ағысқа қарсы жүзе білетін жандардың қатарынан. Көрмеде көрсетілген туындылар да суретшінің өмірге деген өзгеше көзқарасын таныта білді.

24.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!