Еркін Тұрсынхан - Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы

Фотография - Еркін Тұрсынхан - Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы

Күні кеше өткен "Bala Turkvizyon" байқауының жартылай финалында көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз финалға жолдама алған еді.

408 0

Күні кеше өткен "Bala Turkvizyon" байқауының жартылай финалында көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз финалға жолдама алған еді

Көптен күтен ән додасын көпшілік "Хабар" арнасының тікелей эфирінен тамашалады. Естеріңізде болса, белгілі өнер шеберлері жартылай финалға қатысушыларды маусым мен тамыз айларының аралығында іріктеген. Сөйтіп олар жеке-жеке өрендердің талабын қомдап, шабытын шыңдау арқылы бүгінгі сайысқа дайындады. Ұлттық іріктеу кезеңін Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры ұйымдастырды. Ал бас ақпараттық демеуші ретінде "Хабар" агенттігі қолдау көрсетті. Ал "Bala Turkvizyon" ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны бүгін өз мәресіне жетті. Осы байқауда қарағандылық Тұрсынхан Еркін 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Енді ең үздік өнерлі өрен желтоқсан айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін "Bala Turkvizyon" байқауына қатысады, деп жазады khabar.kz.    



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!