Айқын Төлепберген "Жылдың үздік орындаушысы" атағын жеңіп алды (ФОТО)

Фотография - Айқын Төлепберген "Жылдың үздік орындаушысы" атағын жеңіп алды (ФОТО)

Биыл тыңдармандар үздік орындаушы ретінде Айқын Төлепбергенді таңдаса, үздік әнші аталымы Жанар Дұғаловаға бұйырған

361 0

 Алматыда қала күнін мерекелеу аясында ЕМА-2015 төртінші музыка бәйгесі өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Биыл тыңдармандар үздік орындаушы ретінде Айқын Төлепбергенді таңдаса, үздік әнші аталымы Жанар Дұғаловаға бұйырған.

Айқын Төлепберген үздік орындаушы атанса, Жанар Дұғалова биылғы жылдың үздік әншісі танылды. "Үздік ерлер ұжымы" атағы All Давай тобына бұйырса, "Үздік қыздар ұжымы" аталымына әнсүйер қауым "КешYou" тобын лайық көрген.

Бұған қоса ұйымдастырушылар бекіткен "Үздік ұжым" номинациясын Project Zenit жеңіп алды. Ал "А-Студио" тобы "Еуразияның үздік әртістері" атанды.

Жылдың үздік бейнебаяны: Диана Шарапова/Ақылбек Жеменей - Өтеді алдан бір бейне

Үздік ән: Тұрар Рахимберлин "Асыл арманым"

Жыл серпілісі: NURI

Үздік дуэт: Дильназ Ахмадиева / Мақпал Исабекова

Үздік хип-хоп жоба: Yunus Pers

Музыка бәйгесіне ат басын бұрған Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала халқын мерекенің аяқталуымен құттықтады.

"Қалада бір айы бойы түрлі мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, мәдени іс-шаралар жалғасуда. Муззон еуразиялық музыка бәйгесі айтулы мерекенің шымылдығын жауып отыр. Бәйгені мұндай жоғары деңгейге көтеру оңай іс емес. Бұл жобаға қаражаттан бөлек, энергия, оптимизм, мықты ұйымдастырушылар қажет. Бұл үшін адамдарды жігерлендіру керек. Музыка жүлдесі шаһарымыздың визиттік карточкасы іспеттес. Әсіресе үміткерлерге смс-хабарлама арқылы дауыс беру мүмкіндігі бар екені қуантады. Яғни Қазақстанның әрбір азаматы өз жұлдызын таңдады деген сөз. Бұл шын мәнісінде халықтық жүлде. Муззонның арқасында біздің қаламыз тек өңірге ғана емес, төрткүл дүниеге танылады. Осындай жарқын мерекемен баршаңызды құттықтаймын", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде ресейлік Инь-Ян, Serebro топтары, Өзбекстанның Шахзод есімді әншісі, "Евровидение" байқауына Израиль атынан қатысқан Эдди Батлер шақырылды. Алматы төрінде өткен шоуды Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова мен «Орыстар» жобасының қатысушылары жүргізді.

Осы орайда айта кетсек, Мақпал Исабекова «үздік әйел бейнесі» аталымын қанжығасына байлады.

Естеріңізге салып өтсек, мамыр айында MUZZONE сайтында бәйге номинанттарына интернет арқылы дауыс беру басталған болатын. Ол 30 маусымға дейін созылды. Екінші кезеңде көрермендер 10 негізгі аталым бойынша 6 үміткерге смс-хабарлама арқылы дауыс берді. Көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша 31 тамызда финалистер үштігі анықталды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!