Үкімет "Қазақфильмге" голливудтық инвестор тартуға үмітті

Фотография - Үкімет "Қазақфильмге" голливудтық инвестор тартуға үмітті

ҚР Үкіметі Қазақфильмге голливудтық инвестор тартуға үмітті. Мұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ел Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті

198 0

ҚР Үкіметі Қазақфильмге голливудтық инвестор тартуға үмітті. Мұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ел Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Қазақфильмге" қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына орай ол Үкіметтің киностудияны толығымен сатпайтындығын және оның қызметін сақтап қалуға ниетті екендігін баса атап өтті.

"Біз "Қазақфильмді" толығымен сатайық деп отырған жоқпыз. Міндет мынадай - бейінін сақтап қалу. Біз жыл сайын түрлі фильмдер түсіруге шамамен 5 млрд. теңге бөлеміз. Бұл мүмкін мүлдем аз шығар. Ол жақта сапалы фильмдердің түсірілгенін қалаймыз. Біздің фильмдерімізді басқа да елдерге көрсеткіміз келеді. Біздерге инвесторлар келуі мүмкін. Кім біледі, мүмкін Голливудтан қандай да бір компания келіп қалар. Сондықтан мәселе сол күйінде қала береді. Стратегиялық инвесторға 49 пайыз акцияны сатып ұсынылады", - деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағандай, мұндай әдіс басқа да мәдениет нысандарына қатысты қолданылуы тиіс. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!