Таразда "Ұлы Дала өркениеті" атты мерекелік жиын өтті (сурет)

Фотография - Таразда "Ұлы Дала өркениеті" атты мерекелік жиын өтті (сурет)

Таразда "Ұлы Дала өркениеті" атауымен мерекелік жиын өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

372 0

Таразда "Ұлы Дала өркениеті" атауымен мерекелік жиын өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. 
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай өткізілетін мерекелік қойылымда аталған оқу орнының студенттері қазақ елінің тарихы мен қазіргі заманауи келбетін тарихи тұлғалар арқылы сахналады. Әр тұлға арқылы еліміздің халық болып дамыған, ұлт болып қалыптасқан тарихи кезеңдері тақырыпқа сай безендірілген жылжымалы сахнадағы қойылым, ән-күй, жыр-терме, хореография, хор секілді әр түрлі жанрлар арқылы қамтылды.  
   Салтанатты жиын институт ректоры Дария Қожамжарова сөз сөйлеп, шараның мән-маңызына тоқталып өтті. "Халқымызда "Өткенін еске алған өскендіктің белгісі, өткенін ұмытқан өшкендіктің белгісі" деген ұлағатты сөз бар. Қазақ хандығының тойы ең біріншіден, ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, тамыры терең тарихымызды түгендейтін той болмақ. Бұл дата қарсаңындағы қандай да бір іс-шараның өскелең жас ұрпақ үшін берер тәлімі мен тәрбиесі зор. Тарихты терең білуге деген құлшыныс терең құрметтен туатынын ескерсек, осы мерекеден алатын тарихи тағылымымыз әрбір жас ұрпақтың көңіліне отаншылдық сезімін ұялатсын.  Бүгінгі мереке "Менің Қазақстаным"  дейтін ұрпақ тәрбиелеу үшін аса керек деп ойлаймын» деді ол. Сондай-ақ, іс-шара аясында "Өнер ата дәстүр мұрасы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ТарМПИ оқытушылары мен студенттерінің 60-тан астам қолданбалы өнер және кескіндеме жанрындағы туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. 
    Тараз қаласы көшесімен шеру форматында өткен концертке жалпы саны 2500-ден астам адам қатысты. Шараға "Жібек жолы" халықтық-эстарадалық оркестрі, "Көне Тараз" фольклорлық-этнографиялық, "Томирис", "Салтанат" секілді би ансамбльдерімен қоса, Жамбыл облысындағы өзге де өнер ұжымдары атсалысты. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!