Қазақстанда "Asia Model Festival" байқауына қатысатын модельдер анықталды

Фотография - Қазақстанда "Asia Model Festival" байқауына қатысатын модельдер анықталды

Алматыда өткен іріктеу кезеңінде 2016 жылы сәуірде "Asia Model Festival" беделді фэшн-байқауында Қазақстан атынан Кореяға кім баратыны анықталды.

359 0

Алматыда өткен іріктеу кезеңінде 2016 жылы сәуірде "Asia Model Festival" беделді фэшн-байқауында Қазақстан атынан Кореяға кім баратыны анықталды.

 Сән салтанатында Қазақстан (Айя Аволи), Өзбекстан (Муниса Аскарова), Тәжікстан мен Қырғызстан дизайнерлерінің туындылары кеш қонақтарының назарына ұсынылды.

Кореяда өтетін байқауға: Ақмөлдір Әбдірақымова, Әбдіқадыр Үсенбаев, Сабина Ибрагимова, Жахонгир Абдумаликов, Милена Бевл, Алина Әбубәкірова, Құрманбер Мамыров, Фатима Махмадулаева, Азиз Мирзоев баратын болды.

"Face of Central Asia" ірі халықаралық модельдер байқауы "Asia Model Festival"-дің бір саласы. Фестиваль Оңтүстік Кореяда осымен 10 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оған Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Үндістан, Сингапур және Камбоджо елдері қатысады. Биыл осы тізімге Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан да қосылды. Жыл сайын байқаудың қазылар алқасы Азияның 15-тен аса елінен ең үздік модельдерді анықтап, сән әлеміндегі жұлдыздардың жүзін жаңартуда.

 

 BNews.kz


Тегтер:

Asia Model Festival"

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!