Бурабайда "Тіл мерейі" республикалық байқауы өтеді

Фотография - Бурабайда "Тіл мерейі" республикалық байқауы өтеді

Байқауға облыстық (қалалық) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында өткізілген байқаудың 14 жеңімпазы қатысады.

168 0

 Бурабайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен  "Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" РМҚК 2015 жылдың 29-30 қыркүйек күндері қазақ тілінен сабақ беретін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында республикалық "Тіл мерейі" байқауын өткізеді.

Бұл туралы Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық әдістемесін насихаттау, тарату, педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану және оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау болып табылады.

Байқауға облыстық (қалалық) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында өткізілген байқаудың 14 жеңімпазы қатысады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін филология, педагогика ғылымдары мамандарынан құралған қазылар төрелік ететін болады. Жеңімпаздар диплом, алғысхат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!