Астанада балаларға арналған "Қаңбақ шал" операсы қойылады

Фотография - Астанада балаларға арналған "Қаңбақ шал" операсы қойылады

1 қазан күні Астанадағы Конгресс-холл концерт залында композитор Жолан Дастеновтың балаларға арналған "Қаңбақ шал" операсының премьерасы өтеді.

389 0

1 қазан күні Астанадағы Конгресс-холл концерт залында композитор Жолан Дастеновтың балаларға арналған "Қаңбақ шал" операсының премьерасы өтеді. 

Бүгінгі технологияның әбден дамыған заманында жас буынның қазақ ертегілерінен қол үзіп қалғаны жасырын емес. "Шрэк", "Спайдермэн", "Спанч Боб" сынды кейіпкерлерді жатқа білетін балаларымыз Қаңбақ шалдың, Таусоғардың, Көлтаусар мен Желаяқтың кім екендіктерін білмейді де.

Осы орайда, Астана қаласындағы Мемлекеттік академиялық филормонияның жанындағы Балалар филормониясы қазақ ертегісінің желісінде жазылған Жолан Дастеновтың "Қаңбақ шал" операсын балаларға ұсынатын болады. Басты мақсат - жасөспірімдерді рухани азық беру, қазақ ертегілері мен фольклорын насихаттау дейді шараны ұйымдастырушылар.

Автордың осынау туындысы сонау 1979 жылы Абай атындағы опера және балет театрында алғаш рет қойылған болатын. Кейін сексенінші жылдардың басында еліміздің өзге де аймақтарындағы балалар осынау қызықты қойылымды тамашалай алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!