Елордада "Этно-Fashion" республикалық этно-мəдени фестивалі басталды

Фотография - Елордада "Этно-Fashion" республикалық этно-мəдени фестивалі басталды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары аясында бүгін елордада республикалық "Этно-Fashion" атты этно-мəдени фестиваль басталды.

648 0

 Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары аясында бүгін елордада республикалық "Этно-Fashion" атты этно-мəдени фестиваль басталды. Фестивальге еліміздің 12 өңірінен келген 70-тен астам сəнгер мен дизайнерлер, сондай-ақ қолөнер шеберлері қатысып жатыр. Қолөнер иелері ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарын əрі көрмеге қойып, əрі сатып жатса, дизайнерлер ұлттық киімдердің сəн үлгілерін көрсетті.
"Бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның жетістіктері, мына біздің жеріміз ата-бабаның үлкен аманаты. Енді осы егемен елдің туын көтеру, дүние жүзіне жарқыратып шығару - осы ұрпақтың міндеті. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығы жастардың бойына мақтаныш пен жауапкершілік ұялататын мереке", - деген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы  Тоғжанов өңір-өңірді аралап жүрген экспедицияларға тоқталды.

"Осы жылдың құрметіне арнайы қазақ даласы бойынша үш үлкен экспедиция шығардық. Бірі Астана қаласынан шыққан экспедиция, екіншісі - қасиетті Бекет Атаның жері - Ақтаудан, үшінші экспедиция - Павлодардан шыққан ұжым. Бұл үш экспедиция да қазан айында Таразда түйіседі", - дейді Е.Тоғжанов.

Ал, бүгінгі "Этно-Fashion" фестиваліне қатысты ойын айта келе, Е.Тоғжанов қазақ жерін мекендеген ұлттардың бəрі тату-тəтті өмір сүріп жатқанына жəне əр этностың салт-дəстүрі сақталғанына тағы бір рет куə болғанын айтады.

"Бұл фестивальде əртүрлі мəдени орталарды көруге болады. Фестиваль аясында көрме мен бұйымдардың жəрмеңкесін аралап шықтық, тарихымыздың тасқа басылған белгілері осы мəдени өнер арқылы бізге ұсынылып отыр. Бұл фестивальге барлық облыс пен ірі қалалар қатысып отыр екен. Яғни, бүкіл Қазақстанның көне де жаңа қолөнерін көруге үлкен мүмкіндік туып отыр", - дейді Е.Тоғжанов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!