Джим Керридің сүйіктісі өзіне қол жұмсады

Фотография - Джим Керридің сүйіктісі өзіне қол жұмсады

Бикештің өлі денесі Лос-Анджелестегі үйінен табылды.

240 0

Лос-Анджелестің тәртіп сақшылары танымал актер Джим Керридің сүйіктісі Кэтриона Уайттың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы lenta.ru мәлімдеді.

Бикештің өлі денесі Лос-Анджелестегі үйінен табылды.

Кэтриона дәрілермен ұшынуы ықтимал деген болжам жасалды. Марқұмның жанынан дәрілердің табылуы осындай ойға итермелеп отыр.

53 жастағы Голливуд жұлдызы Керри мен Уайт арасындағы қарым-қатынас 2012 жылдан басталды. Ол кезде ғашықтардың көңілі жараспай, көп ұзамай айырылысқан болатын. Алайда ағымдағы жылдың мамыр айында оларды тағдыр қайта табыстырған еді.

Белгілі болғандай, бұл оқиғаға бірер күн бұрын кино жұлдызы мен сүйіктісі Кэтриона бір-бірінен баз кешкен-тін.

24.kz
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!