М.Әуезов театрының 90-маусымының ашылуында Хакім Абайдың рөлін Ерлан Біләл сомдайды

Фотография - М.Әуезов театрының 90-маусымының ашылуында Хакім Абайдың рөлін Ерлан Біләл сомдайды

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90-маусымының шымылдығы 15 қазан күні "Абай" спектаклімен ашылады

1091 0

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90-маусымының шымылдығы 15 қазан күні "Абай" спектаклімен ашылады, деп хабарлады auezov-teatr.kz. 

Абай туралы 1940 жылы А.Тоқпановтың, 60 жылдары Ә.Мәмбетовтың, 90 жылдары Ж.Хаджиевтің, Б.Атабаевтың, 2010 жылдан Е.Обаевтың режиссурасымен сахналанған қойылым әдемі жалғасын тауып келеді. Әр режиссер, актер ақын жанын әр қырынан ашты, әр кезеңнің өз Абайы, өз көрермені болды.

Абай рөлі М.Әуезов театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлдің сомдауымен сахна төрінен орын алмақ. Сонымен қатар, "Абай" трагедиясында М.Әуезов театрының сахна саңлақтары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Әйгерім - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Жүсіп, Айдар - "Серпер" Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Е.Дайыров, Ажар - "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері Н.Қарабалина, Мағауия - Ж.Байсалбеков, Әбдірахман - Б.Айтжанов, Оразбай - ҚР еңбек сіңірген артисі А.Бектемір, Жиренше - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыс, Тәкежан - Ж.Әміров, Керім - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Ақмолда, Баймағамбет - ҚР еңбек сіңірген қайраткері О.Қыйқымов, Зейнеп - ҚР еңбек сіңірген артисі Р.Хаджиева т.б.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!