Мәскеуде "Алтын күз" атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді

Фотография - Мәскеуде "Алтын күз" атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді

Мәскеудегі "Мұрагер" қазақ мәдени қоғамы, "Қазақ диаспорасы" Мәскеулік қоры, Ресей жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айында жастар арасындағы "Алтын күз" атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді

198 0

Мәскеудегі "Мұрагер" қазақ мәдени қоғамы, "Қазақ диаспорасы" Мәскеулік қоры, Ресей жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айында жастар арасындағы "Алтын күз" атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді, деп жазды baq.kz.

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді Мәскеудегі қазақ жастарына тереңірек таныту мақсатында өтетін шара биыл 3-рет ұйымдастырылып отыр. Байқау үш кезең бойынша өтеді. 20 қыркүйек пен 11 қазан аралығында болатын бірінші кезеңде сырттай іріктеу болады. Ол үшін қатысушы белгілі форма бойынша толтырылған өтінімді және қалаған әнін бейнебаянымен Altynkuz2015@gmail.com электрондық поштасына жіберуі қажет. Екінші кезең қазан айының үшінші онкүндігіне жоспарланып отыр. Онда сырттай іріктеуден өткен қатысушылар бетпе-бет сынақтан өткізіледі. Қатысушы бірінші әнді міндетті түрде қазақ тілінде, ал екінші әнді өз таңдауы бойынша басқа тілде орындауы қажет. Ұлы Отан соғысы жайлы және қазақ халық әндерін орындау шарт етіледі. Соның нәтижесінде, үшінші кезеңде финалға шығатын қатысушылар іріктелетін болады. Қараша айының ортасында Гала-концерт өтіп, байқау жеңімпаздары анықталады. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!