Сергей Безруков пен Анна Матисон қоғам алдына бірге шықты

Фотография - Сергей Безруков пен Анна Матисон қоғам алдына бірге шықты

Санкт-Петерборда Сергей Безруков пен оның жаңа музасы Анна Матисон «Млечный путь» картинасын таныстырды.

702 0

Санкт-Петерборда Сергей Безруков пен оның жаңа музасы Анна Матисон «Млечный путь» картинасын таныстырды. 

Актер мен режиссер «КИНО ЭКСПО»-2015 халықаралық форумының сахнасына бірге шықты. Фильм экрандарға жаңа жыл мерекелерінде (оның премьерасы кинотеатрларда 2016 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған) шығады. Сергей мен Анна бірлескен жұмысы жайында баяндады. Бұл жаңа жылдық комедия болады.

41 жастағы актер мен 31 жастағы Анна арасындағы сезім туралы хабар жаз айының басында пайда болған. Алайда, Сергей мен Анна осыған дейін ресми түрде бірге қоғам алдына шықпаған болатын.

Еске сала кетейік, жуырда Ирина Безрукова Сергеймен ажырасқаны туралы айтқан.

Сергей Безруков пен Матисон 2011 жылы «Елки-2» фильмінің түсірілімінде танысқан.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!