"Бастау" кинофестиваліне әлем елдерінен 130-дан астам туынды жіберілді

Фотография - "Бастау" кинофестиваліне әлем елдерінен 130-дан астам туынды жіберілді

Ағымдағы жылдың 20-25 қазан аралығында "Бастау" V халықаралық студенттер мен дебюттік фильмдер фестивалі өтеді.

864 0

Ағымдағы жылдың 20-25 қазан аралығында "Бастау" V халықаралық студенттер мен дебюттік фильмдер фестивалі өтеді.

"Бастау" - түрлі жанрлардағы қысқа метражды фильмдер сайысы. Кинофестивальді Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің басты қатысушылары студенттер. Фестиваль шеңберінде Еуразия кино мектептерінің Қауымдастығы құрылған. Оның құрамында Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты, сондай-ақ Еуропа және Азия елдерінің белгілі жоғары оқу орындары бар. Осынау фестиваль қазақстандық жастарға студенттер алмасу жүйесі бойынша осы елдерде білім алуларына мүмкіндік береді .

Қазірде байқауға қатысуға әлемнің 30-ға жуық елдерінің кино мектептерінің студенттері 130-дан астам деректі және көркем фильмдер жіберген. Байқаудың жеңімпаздарына бір миллион теңгеден екі грант берілетін болады.

Айта кетейік, байқауға Қазақстанның 18 жас пен 35 жас аралығындағы азаматтары, кинематография саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жәй киноәуесқойлар да қатыса алады. Жобалар драматургия, визуалды шеберлік және сценарийдегі көтерілген тақырыптың өзектілігі бойынша бағаланады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!