Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы фильм "Оскарға" ұсынылды

Фотография -  Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы фильм "Оскарға" ұсынылды

Иран мемлекеті Маджиж Маджижидің "Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі" фильмін "Оскар" сыйлығына ұсынып отыр.

418 0

Иран мемлекеті  Маджиж Маджижидің "Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі" фильмін "Оскар" сыйлығына ұсынып отыр. Аталмыш картина атақты жүлденің "Өзге тілдегі үздік фильм" номинациясы бойынша сынға түседі. Аталмыш номинация бойынша "Оскар" жүлдесіне 67 мемлекеттен туындылар ұсынылған.

Аталмыш фильм  – "Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны" атты трилогияның алғашқы туындысы. Фильмде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылғаны және 12-жасқа дейінгі балалық шағы көрсетіледі.

Иран кино тарихындағы ең қымбат кинокартинаның түсірілуіне 40 млн доллар жұмсалған көрінеді.

muslim.kz


Тегтер:

Иран Оскар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!