Таразда ақын қандастарымыздың қатысуымен айтыс өтеді

Фотография - Таразда ақын қандастарымыздың қатысуымен айтыс өтеді

Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға арналған мәдени-бұқаралық шаралардың ауқымды бағдарламасына халықаралық ақындар айтысын өткізу еніп отыр

1022 0

Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға арналған мәдени-бұқаралық шаралардың ауқымды бағдарламасына халықаралық ақындар айтысын өткізу еніп отыр. Бұл туралы Таразда баспасөз мәслихаты кезінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов мәлім етті. 

"8 қазан күні «Көне Тараз» мұражайы ашылып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кітаптар таныстырылатын болады. Сондай-ақ, "Баласағұн" ОКЗ-да екі күндік ақындар айтысы өтеді. Онда Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Өзбекстаннан келген 14 жұп ақын өнер көрсетеді",-деді Е.Мәнжуов. 
Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биылғы жылы елдің барлық өңірлерінде өтуде. Бұдан 550 жыл бұрын Жайсаң шатқалында, Талас және Шу өзендерінің аралығында Керей және Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалаған болатын, Жамбыл облысында, 7, 8, 9 қазан күндері осы айтулы мереке кең ауқымда аталып өтеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!